«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы — әлемдегі ең ірі уран компаниясы,Глава крупнейшей в мире урановой компании умер во время визита в Китай РБК уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, екі рет қолданылуға арналған технологиялар мен материалдарды барлаумен, өндірумен, қайта өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы.
Бүгін, ұлттық атом компаниясының активтеріне ақырғы өнімді шығару тізбегіндегі (геологиялық барлаудан, уранды өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап - ғылымға, әлеуметтік қамтуға және мамандар дайындауға дейін) іске қосылған кәсіпорындар кешені кіреді.
Қазатомөнеркәсіп — атом өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы және уран өндіру саласындағы әлемдегі жетекші өндіруші.Казахстан занимает первое место по добыче урана в мире Компанияның ірі акционері мемлекет атынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан.
Тарихы 1997 жылдың 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті жарлығы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды. Холдинг құрамына «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы, үш кен басқармалары (Степное, Центральное, Шестое) және Үлбі металлургия зауыты кірді.
2003 жылы Қазақстан Үкіметі Қазатомөнеркәсіпке Маңғыстау облысындағы электр қуатын үнемдейтін жалғыз көзі болып табылатын ірі көп бейінді энергетикалық өнеркәсіпті — Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын дағдарыстан шығаруға сенім білдірді.
2009 жылдан бастап Қазақстан ең ірі уран өндіретін мемлекет болып табылады, сонымен қатар табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы. Қазақстандық уран концентраты 40%-дан астам бейбіт атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз етеді және әлемдегі АЭС-ы бар барлық мемлекеттерге жеткізіледі.
2015 жылы компанияда Трансформация бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның басты мақсаты — компания қызметінің тиімділігін 3 есе арттыру.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өнімдері және қызметі геологиялық барлау табиғи уранды және U3O8 уранның тотық-шала тотығын өндіру уран гексафторидін (өндірістік қуаттарға қолжетімділік) конверсиялау және өндіру уран өнімдерін реконверсиялау БУӨ байыту және өндіру (ОЭХК-мен бірігіп) ядролық отынның компоненттерін фабрикациялау және өндіру сирек кездесетін және сирекжерлік металлдарды (Ta, Be, Nb) өндіру
Өндіру Уран өндіру Уранды өндіру және қайта өңдеу — компанияның негізгі қызмет бағыты болып табылады.Уран өндіру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындар тобының құрамына 22 әрекеттегі кеніштер кіреді. Табиғи уранның өндірісі экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүргізіледі.
Жерасты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уранды жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. ЖҰШ-ты өндірістің дәстүрлі әдістермен (шахталық және карьерлік) салыстырғанда, құрамында ураны бар жыныстар жер астында қалады.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны кен орындарын игерудің экологиялық ең таза және ең қауіпсіз, сонымен қатар топырақ құнарлығын қалпына келтіруге елеулі қаржыны талап етпейтін әдіс ретінде мойындаған.
ЖҰШ кәсіпорындарында жалпы өзіндік құны уранды дәстүрлі таулы әдісімен (шахта және карьер) өндіретін кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен.
Табиғи уранды қайта өңдеу Қазатомөнеркәсіпте қазақстандық кен орындарының уранды химиялық концентраттарды қайта өңдеудің заманауи әдісін жетілдіріп, оны қолданысқа енгізді.
Компания, уранның кәдуілгі техникалық тотығы-шала тотығын өндіруден кейін қайта өңдеу кезінде конверсиялық зауыттарда фторлау үшін арналған қосымша дайындықты талап ететін, сонымен қатар конвертерлік зауытта тікелей фторлауға жарамды уранның тотығы-шала тотығын шығарады.
Еншілес және тәуелді компаниялар «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы 2024 жылғы қаңтар айындағы ақпарат бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі КомпанияҰлттық компания үлесіӨзге үлескерлер Үлесі«РУ-6» ЖШС100%«Kazatomprom-SaUran» ЖШС100% «АППАҚ» ЖШС 65% Sumitomo Corporation Kansai Electric Power 25% 10%«Инкай» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС60% Cameco Corporation40%«ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны» ЖШС51% CGNM UK Limited49%«Буденовское» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС51% «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС ( Uranium One Group)49%«Семізбай-U» ЖШС51% Beijing Sino – Kaz Uranium Resources Investment Company Limited49%«Қаратау» ЖШС50% Uranium One Group50%«Ақбастау» Бірлескен кәсіпорын» АҚ50% Uranium One Group50%«Хорасан-U» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС50% Energy Asia (BVI) Limited Uranium One Group30% 20%«Қызылқұм» ЖШС50% Uranium One Group Energy Asia Holdings Ltd30% 20%«Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз шетел инвестицияларымен бірлескен кәсіпорын» АҚ49,98% Uranium One Group Қарабалта тау-кен комбинаты 49,98% 0,04%Қазақстандық-француздық «КАТКО» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС49% Orano Mining51%«Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС30% Uranium One Group70%
Ядролық-отын циклі және металлургия КомпанияҰлттық компания үлесіӨзге үлескерлер Үлесі«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ94,32% «УкрТВС» ЖАҚ33,33% «Вайс Трейд» ЖШҚ «ТВЭЛ» АҚ33,33% 33,33% «Халықаралық уран байыту орталығы» АҚ10% «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы «Ядролық отын» Мемлекеттік концерні «Армян атом электр станциясы» ЖАҚ70% 10% 10%
КомпанияҰлттық компания үлесіӨзге үлескерлер Үлесі«Волковгеология» АҚ97,45% «Qorģan-Security» ЖШС100%«Жоғары технологиялар институты» ЖШС100%«KAP Technology» ЖШС100%«KAP Logistics» ЖШС94,23%«Kazatomprom-SaUran» ЖШС «РУ-6» ЖШС «Қаратау» ЖШС5,3987% 0,5030% 0,0001%«СКЗ-U» ЖШС49% Sap-Japan Corporation UrAsia London Limited32% 19%«Уранэнерго» ЖШС47,86% TH Kazakatom AG100% Energy Asia (BVI) Limited50%
Басшылары «КАТЭП» басшылары 1993—1997 — Виктор Язиков
«Қазатомөнеркәсіп» басшылары 1996—1998 — Бағдат Шаяхметов 1998 — Қадыp Байкенов 1998—2001 — Мұхтар Жәкішев 2001—2002 — Асқар Қасабеков 2002—2009 — Мұхтар Жәкішев 2009—2014 — Владимир Школьник 2014—2015 — Нұрлан Қаппаров 2015—2017 — Асқар Жұмағалиев 2017 — 2021 — Ғалымжан Пірматов 2021 — 2022 — Мәжит Шәріпов 2022 — 2023 — Ержан Мұқанов 2023 жылдан бастап — Мейіржан Юсупов
Тағы қараңыз Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Қазатомөнеркәсіп
Санат:Атомдық өнеркәсіп Санат:Қазақстанның ұлттық компаниялары Санат:Астана халықаралық биржасында тіркелген компаниялар