Батпақшағыл – Батпақ көлінің оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 257 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км, енді жері 1,5 км-ге созылып жатыр. Оңтүстігінен Көкпекті өзені ағып өтеді.

Өсімдігі Сортаңды топырағында бұйырғын, сұр жусан, қара жусан, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары