Алғадай - ертеде жаугершілік заманда жетім қалғандарын жинап, тәрбиелеп, бағып-қағып, соғыс өнері ісіне, адал қызмет етуге баулып тәрбиелеген жеткіншектер. Алайда, бұл ұғымды онтологиялық тұрғыдан дәйектейтеу үшін қажетті деректер жоқтың қасы.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Алғадай ұғымы қазақтың көне жауынгершілік салт-дәстүрлерінен хабардар етеді. Әдетте екі жақтың қалың қолы жаппай ұрысқа кірісер алдында жекпе-жекке батырлар шығаратын болған. Алғашқы жекпе-жекке елге әйгілі батырлардың алдынан өтіп, баталарын алып, жас жауынгерлер шыққан. Міне, солар алғадайлар деп аталған.Қазақтар. 5-том. "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003 Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология