Ақтабан сойыл - көп ұсталып, қолдың табы көп түскендіктен ағарып кеткен ұрыс, әрі қорғаныс қаруы есебінде қолданылды. Әдетте, қайың немесе емен сияқты төзімді де, мықты ағаштан жасалынды. Қамшысы бар білектей, Айбалтасы күректей, Сойылы бар ақтабан, Бәйгесі бар баптаған, Жылқышыға сенеміз. Сонымен бірге, ақтабан сойыл мал шаруашылығының барлық салаларында да қолданыс тапты.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология