Әйке – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылының батысында орналасқан тұйық көл. Торғай Үстіртінің солтүстігіндегі Сыпсыңағаш қолатында.

Аумағы Аумағы 31,0 км2, теңіз деңгейінен 244,1 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Су жиналатын алабы 2010 км2. Ұзындығы 18,0 км, енді жері 2,3 км. Қуаңшылық жылдары құрғап қалады. Көлге 5 маусымдық ағын сулар құяды. Алабы мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді.

Санат:Әйтеке би ауданы көлдері Санат:Орынбор облысы көлдері