Ащытақыр — Ертіс өзені алабына жататын көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Шарбақты ауданы, Каховка ауылының солтүстік-шығысында, 3 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 125,6 м биіктікте.
Гидрографикасы, жағалау сипаты Аумағы 4,4 км2. Географиялық орны бойынша Ұзындығы 3,3 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 8,0 км. Көл суы негізінен еріген қар суымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы ащы. Жағалауы жазық далалы.
Санат:Шарбақты ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы