Астық тескіш () – қатты қанаттылар сабына жататын тескіш қоңыздар тұқымдасының өкілі.
Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Денесінің ұзындығы 2 – 3 мм, түсі қызғылт келеді. Астық тескіштің дернәсілдері қойма зиянкестері болып табылады. Ол қоймадағы кептірілген көкөністерді, дәрілік өсімдіктерді, ұн өнімдерін, сондай-ақ кітап, қағаздарды да зақымдайды. Зақымданған ұн өнімдерінің сапасы төмендеп, қарайып кетеді. Астық тескіш маусым – шілде айларында жаппай ұша бастайды. Ұрғашылары тағам өнімдеріне 140-қа дейін жұмыртқа салады. Дернәсілдері ұн өнімдерін, астық тұқымдарын жеп, сол жерде қуыршаққа айналады. Астық тескіш жылына 4 рет көбейеді. Ол астық қамбаларында тазалық тәртібін дұрыс сақтау, уақытында химиялық және физикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы жойылады.Қазақ энциклопедиясы I том
Сілтемелер Астық қоңызы Астық қандаласы Астық кенесі
Сыртқы сілтемелер Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Дереккөздер
Санат:Қатты қанаттылар