Алатау – Ақтолағай жонының оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолютiк биіктігі 232 м. Тау солтүстік-батыстан шығысқа қарай 40 км-ге, енді жері 18 км-ге созылып жатыр. Таудың оңтүстік беткейі тік, солтүстік бөлігі жайпақ келген.
Геологиялық құрылымы Девон, тас көмір жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, айғыр қияқ, ақ сексеуіл өседі. Баурайындағы бұлақтар мен құдықтардың маңайы мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары