Алабота – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау, Тайынша аудандарының аралығында, Мәдениет ауылының оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 7,2 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 232 м. Жағалауы жайпақ келген. Қар және жер асты суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы ащы, кермек, мал суаруға жарамды.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы көлдері Санат:Тайынша ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы