Ақсуат – Қостанай облысы Науырзым ауданы жеріндегі тұщы көл. Құсмұрын, Сарықопа көлдерінің арасында орналасқан.
Гидрографикасы, сипаты Аумағы 20,3 км2. Ұзындығы 18,1 км, ені 4,2 км, жағалауының ұзындығы 57 км-ге жуық. Ең терең жері – 3 м. Жауын-шашын көп жауған жылдары көлдің аумағы ұлғайып тұрады. Жаздың құрғақ мезгілінде көл екіге бөлініп қалады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Көлде алабұға, мөңке, сазан өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Тобыл су алабы Санат:Науырзым ауданы көлдері