Ақростошь бор кен орны - Атырау облысы Индер ауданы. Индербор кентінің оңтүстік-батысында орналасқан.

Жатыс сипаты Шөгіндінің ұзындығы 10 км-ге жетеді, ені 100-300 м, қалыңдығы 3-10 м. Кен әк және әк тыңайтқыштар өндірісінің шикізаты. Мұндағы бор және бор-мергельді жыныстар өздерінің сапалык көрсеткіштері бойынша халық шаруашылығының көптеген салаларында пайдалануға жарамды. Атап айтқанда, Индер боры сола өнеркәсібінің жоғары талаптарына сай келеді, сондай-ақ әк және әк тыңайткыштары өндірісін қанағаттандырады.

Химиялық құрамы Химиялық құрамы (% есебімен): СаСО3 – 91,23; МgСO3 – 1,27; ерімейтін қалдығы: СаSО4 – 3,26; Аl2О3 – 0,07; Ғе2О3 – 0,59; NаСl – 2,2. Бордың үлес салмағы 2,58 т/м3. Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы кен орындары