Ақкөбелек () – қабыршаққанаттылар отрядына жататын ақшыл сары түсті көбелек. Оның дүние жүзінде 100-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 70 түрі кездеседі. Қанатының ішкі шеті тегіс, бояуы ақ, жайған кезде ұзындығы 55-60 мм, жұлдыз құртының ұзындығы 20-25 мм, денесін барқыт тәрізді түк басқан. Қуыршақ сатысында қыстайды. Қазақстанның барлық облыстарында кең таралған түрлері — қырыққабат, шалқан, долана ақ көбелегі, Жетісуда сирек кездесетіні — Ершов көбелегі. Долана ақкөбелегі алма, алмұрт, қара өрік, мойыл, долана ағаштарының көктемде бүршіктерін, жазда жапырағын зақымдайды.Дернәсілдері ағаш діңі мен бұта сабағында, үй керегесінде, дуалдарда қуыршақ күйінде сақталады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Оның жұлдызқұрттарының қысқы ұяларын жинап, өртеу қажет. Қүрес шаралары капуста бас салғанша, жеміс ағаштары бүршік атқанша жүргізіледі. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар