Акцессор минералдар, акцессориялар (латынша accessorіus — қосымша) — тау жыныстары құрамында өте аз (мөлшері 1 пайыздан аспайды) тараған минералдар. Акцессор минералдар тау жыныстарын құрайтын минералдар құрамында сирек және кентасты элементтердің минералдық шашырауы мен шоғырлануының ерекше түрі болып табылады.

Акцессор минералдары: апатит; циркон; турмалин; танталит; анартастар; ортит; титанит; флюорит; топаз; магнетит; ильменит; пирит; рутил; монацит; сфен.

Тау жыныстары бұзылғанда акцессор минералдар әдетте тотығу белдемінде жиналады, кейде өндірістік маңызы бар кендер түзеді. Әсіресе, сирек металды акцессор минералдардың (тантал-ниобаттар) маңызы зор. Сонымен бірге, олар стратиграфиялық және петрографиялық корреляттауда, тау жыныстарының жасын анықтау үшін қолданылады.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Минералдар Санат:Геология