Қаракөл – Шу алабындағы көл.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылының шығысында 23 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 262 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 20,5 км. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады.

Жағалау сипаты Жағалауы сор батпақты, күрделі тілімденген, түбі лайлы. Солтүгінде Лебяжье, оңтүстігінде Қамқалы, т.б. маңында көптеген ұсақ көлдер бар. Суы ащы, суатқа пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы көлдері Санат:Шу су алабы