Қайдауыл – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы тау. Баянауыл тауларының солтүстігінде 25 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 293 м. Пішіні күрделі. Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, солтүстігінің енді жері 10 км-ге жуық. Беткейлері көлбеу келген.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы тас көмір жүйесінің гранитті, гранодиоритті тау жыныстарынан түзілген. Оның үстін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Құрғақ даланың нашар дамыған карбонатты қара топырағында бетеге, боз, қау, жусан, т.б. шөптесіндер өскен. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. Маңында бірнеше жайлау бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы таулары