Қазаншат – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құлбабас қыстауының оңтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Тебескі өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 1723 м. Енсіз тау батыстан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 15 км-ге созылған.
Жер бедері Беткейлері сай, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Шығысында Сарытолағай, оңтүстігінде Көкбастау, батысында Қоянды таулары орналасқан. Баурайында Төлеуіш, Жаңабай, Сағындық қыстаулары бар.
Өсімдігі Тауалдының қара, қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары