Айқалып - жарты ай бейнесін түсіретін құйма қалып түрі. Мұндай қалыпты көбінесе сырға, шытыра дайындауға қолданған. Сонымен бірге жаулыққа тағатын, жүгенге, ердің қасына орнататын айшық аталатын әшекейлер де айқалыптар арқылы жасалған. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология