Николай Никонорович Белашев (1911 ж.т., Қордай ауданы - 16 қараша 1941, Ресей, Мәскеу обл. Волоколам с.) — Кеңес Одағының БатырыУказ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1..
Өмірбаяны Соғысқа дейін Киров атындағы ұжымшардың ұстаханасында жұмыс істеді, комсомол ұйымының хатшысы болды.
1941 ж. шілде айында әскер қатарына шақырылған ол 316-шы атқыштар девизиясының 1075 полкінің қатардағы жауынгері болады.
1941 жылдың 16-қарашасы теңдессіз ерліктердің көрінісі еді. Бір ротаның 28 жауынгері жаудың 50-ден аса танкілеріне қарсы тұрып, оларды жойып жіберді, өздері де мерт болды. Осы шайқаста Белашев ерлікпен қаза тауып, Волоколам ауданының Нелидово ауылындағы бауырластар зиратына жерленді. Бұл ерлік 28 батыр-панфиловшылар ерлігі деген атпен тарихқа енді. КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Белашевқа Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (21.7.1942).
Естелік пен марапаттары Қордай ауданынының орталығында батырға ескерткіш орнатылды."Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003
Панфиловшылар құрметіне Мәскеу қаласының Северное Тушино ауданындағы бір көше Батыр-панфиловшылар көшесі аталып, онда мемориал орнатылған. 1975 жылы Дубосековода мемориал, Нелидово ауылында (Дубосеково темір жолы айырмасынан 1,5 шақырым жерде) батыр-панфиловшыларға ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ бар, онда оларға арналып монумент қойылған. Қордай ауданының Қордай ауылында және Отар темір жол станциясында батырға арнап бюст қойылған. Қордай және Үлкен Сұлутөр ауылдарында көшеге Белашев есімі берілді.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Панфиловшылар