Гонвед — Мажарстанның Будапешт қаласындағы футбол клубы. 1909 жылы құрылған. 50 жылдардағы Мажарстанның ең үздік клубы. Өз алаңындағы ойындарын Иозеф Божик атындағы стадионда өткізеді.
Ең әуелгі атауы - "Кипешт". 1944 жылы қазіргі атауына ие болды. "Гонвед" сөзі тікелей қазақ тіліне аударылса — "Отан қорғаушылар" деген мағына береді. Елде мажар әскері осылай аталады.
Коммунистік режим құлаған соң мемлекет клубты қамтамасыз етпей қойды да, команда баяғыша жарқырамай қалды. 2017 жылы араға 24 жыл салып ел чемпионы атанды.
Жетістіктері Мажарстан чемпионы (13): 1949, 1950, 1952, 1954, 1955, 1980, 1984, 1985, 1986, 1988, 1989, 1991, 1993. 2017
Мажарстан кубогы: (7): 1926, 1964, 1985, 1989, 1996, 2007, 2009.
Митроп кубогы: 1959
Атақты ойыншылар Ференц Пушкаш Шандор Кочиш Йозеф Божик Дьюла Грошич Лайош Тихи Золтан Цибор Дьюла Лорант Ласло Будаи Лайош Детари
Сiлтемелер Ресми сайты
Санат:Мажарстан футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:1909 жылы құрылған футбол клубтары