Күреңөгіз – Оңтүстік Алтайдағы асу.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында орналасқан.

Жер бедері Биіктігі 2790 м. Асу арқылы Күреңөгіз тауының оңтүстік беткейіндегі Аққаба өзенінің бастауына соқпақ жол өтеді. Асудан маусым – қыркүйек айлары аралығында ғана өтуге болады. Күреңөгізді жергілікті тұрғындар ертеден пайдаланған.“Қазақ энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары Санат:Алтай таулары