КӨПТАС– Арқарлы тауларының батыс етегіндегі қоныс. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы а-нан оңт.-шығысқа қарай 30 км, Бақты а-нан батысқа қарай 20 – 22 км жерде орналасқан. Кең жазықта жатқан К-ты Әдік, Ақирек, Тәнікей, Сағымбай, т.б. қыстаулар қоршап жатыр. Кезінде қоныс «Ақирек» кеңшарының қыстауы болған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Көптас · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.