Көктал – Нұра алабындағы өзен, Жарлы өзенінің бір саласы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қарақуыс және Үлкен Қарақуыс таулары арасымен ағып өтеді. Жарлы ауылының тұсында Жарлы өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 50 км-ден астам. Арнасы ирелең, жағалары құламалы, жайпақ, кей жерінде тал өскен. Қарашаның басында суы қатып, сәуірде ериді. Көктемгі қар суымен толығады. Суы тұщы, таза, елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауға және мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра су алабы Санат:Қарқаралы ауданы өзендері