Көксуат – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады.

Бастауы Тастау жотасының 3300 – 3500 м биіктіктегі мұздықтарынан бастау алып, Ырғайты өзеніне құяды. Ұзындығы 41 км. Ұзынды-қысқалы 11 саласы бар.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында аңғары мен арнасы тар шатқалды. Еріген қар, мұз суларымен толығады. Наурыз – сәуір айларында тасиды. Суы тұщы. Ауыз су ретінде пайдалануға қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алакөл су алабы Санат:Алакөл ауданы өзендері