Көкдомбақ – Қосқамбай тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорманов ауылының солтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 584 м. Батыстан шығысқа қарай 6 км-ге, енді жері 2,5 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері Солтүстік-шығысы тіктеу, қалған бөліктері беткейі көлбеу шоқылардан тұрады. Батысында Бегедай, Өлеңқұдық жайлаулары бар.
Геологиясы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары