Келіншек – Көкшетау қыратының шығыс бөлігіндегі тау. Намазқұл тауының оңтүстік-батысында орналасқан.
Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Бірсуат ауылының маңында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 432 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, доға тәрізді 3 км-ге созыла орналасқан, енді жері 1 км. Шығыс беткейі тіктеу келген. Батысында Қотыркөл көлі жатыр. Тау беткейлерінде тектоникалық жарықшақтар кездеседі.
Өсімдігі Таудың қара қоңыр топырағында боз, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.”Қазақстан Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Біржан сал ауданы таулары