Кальчуга – Қалба жотасының шығыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1377 м. Күрделі пішінді таудың ұзындығы 11 км, енді жері 9 км.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозой жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері тіктеу, жартасты және қатты тілімденген. Шатқалдарынан Лайлы, Жуандық, Көпірлі, Қайыңды өзендері бастау алады. Кальчуганың солтүстігінде 10 км жерде Қайындышоқ атты орман алқабы жатыр.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы таулары