Забұрын, Забурурнье – Каспий теңізінің солтүстігіндегі шығанақ.

Географиялық орны Атырау облысы Исатай ауданында.

Сипаты Құрлыққа 5,5 км сұғына енген. Шығысында Середка құмқайыры жатыр. Жағалауында өзімен аттас елді мекен орналасқан. Шығанақтың орташа тереңдігі 2 м. Жайпақ жағалауы төрттік кезеңнің құм, саздақ жыныстарынан түзілген. Шығанақ түбі құмды келген. Жағасында қамыс өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Каспий теңізі шығанақтары Санат:Атырау облысы географиясы Санат:Қазақстан шығанақтары