Жолақ қарашұбар жылан () - қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.

Жолақ қарашұбар жылан – өте сирек кездесетін түр. Бұл жылан санының өте төмен болу себептері және оның тіршілігі белгісіз. Құрғақ қиыршық тасты жерлерде және жусанды далада, жағасында қайың, тал және бұта өскен өзен аңғарларында тіршілік етеді. Қазақстанда тек Алтайдың Оңтүстігі мен Зайсан ойпатынан ғана ұсталған. Алғаш рет 1955 жылы Зайсан қазаншұңқырынан, Күршім және Нарын жоталарынан, ал 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының оңтүстігінен және Алексеевка ауылының маңынан ұсталды.

Сыртқы түрі оқжыланға ұқсас, жіңішке келген, ұзындығы 86 см-дей болады. Басынан құйрығының ұшына дейін ақ немесе сары жолақ созылып жатады. Реңі қара сұр түсті. Әр түрлі кесірткелерді жеп қоректенеді. Жемін денесімен буындырып не жаншып өлтіреді. Адамға қауіпті емес, усыз жылан. Ұрғашысы шілде айында 4 – 9 жұмыртқа салады. Жолақ қарашұбар жыланның тіршілігі аз зерттелген, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Сарыбас жыландартәрізділер‎‎‎ Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген бауырымен жорғалаушылар