Жарсор – Тоғызақ өзенінің оң аңғарында орналасқан тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайловка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде. Теңіз деңгейінен 221 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 4,6 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,2 км. Батысы және солтүстік-батысы орманды алқапқа ұласады. Жағалауы тегіс, жазықты келген. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Суы тұзды.

Санат:Қарабалық ауданы көлдері