Жаңғыз, (Жалғыз) – Балқаш көлінің алабында орналасқан өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді және Кербұлақ аудандарының жерімен өтеді.
Бастауы Суықтөбе тауының батысынан бастау алыа, Көксу өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 45 км, су жиналатын алабы 265 км2. Өзен аңғарлары биік тау шатқалдарымен тілімденген. Көктемгі қар және жауын-шашын суларымен толығады. Суы желтоқсанда қатып, наурыз айында ериді. Суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы өзендері Санат:Кербұлақ ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы