Жалғызтау – Жақсы Абралы тауының солтүстік-шығысында оқшау жатқан тау массиві.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы, Қараөлең ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 1126 м. Қарасу және Ащысу өзендерінің аңғарында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 19 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Тік жарқабақты келген солтүстік-батыс беткейі сай-жыралар мен құздардан тұрады.

Геологиялық құрылымы Силур мен девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында австрия жусаны, бетеге, боз, селеу өседі. Аңғарлары мен сайларындағы түрлі шөпті шалғындары мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары