Жақсы Айыртау – Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде орналасқан тау. Абсолюттік биіктігі 551 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.
Жер бедері Оңтүстік-шығыс беткейі тік жарқабақты келген. Оқшауланған 2 тау массивінен тұрады. Таудың етегінен Талдысай (өзен, Сарысу алабы) ағып өтеді.
Геологиялық құрылымы Палеозой дәуірінің девон кезеңінің интрузивті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, астық тұқымдас шөптесіндермен бірге бұталы өсімдіктер өседі. Баурайы жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары