Шу каналы – Жамбыл облысы шаруашылықтарының жайылымдарын суландыруға және егін суаруға арналған. Шу өзені бойындағы Қазықты бөлігінен басталып, Мойынқұм, Бетпақдала өңіріне тартылған.
Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 82 км (Оң жақ және Сол жақ каналдарды қосқанда). Каналдың ені 5 – 15 м, тереңдігі 3 – 6 м. Орташа су шығыны 8 м³/с. 4140 га жерді суарады, 200 мың га жерді суландырады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы каналдары