Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 (ресми атауы — UEFA EURO 2012™ Poland-Ukraine; көбіне «Еуро-2012») — УЕФА-ның қамқорлығындағы әрбір төрт жыл сайын өткізілетін 14-ші еуропа чемпионаты. Турнирдегі ойындарды Украина мен Польша бірігіп қабылдады. Алғашқы матч Варшавада 8 маусым 2012 жылы ойнатылып,УЕФА-ның ресми сайты 1 шілде 2012 жылы Киевте финалдық ойынымен аяқталды.
Екі елдің чемпионатта қожайын болуы еуропа ұлттық біріншілік тарихындағы бұл үшінші турнир. Бұған дейін бірінші рет Бельгия мен Нидерланд елдерінде өткізілген 2000 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты және Швейцария мен Австрияда өткізілген 2008 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты болған еді.
Жеребе салу салтанаты Киевтегі «Украина» өнер және мәдениет ұлттық сарайында 2 желтоқсан 2011 жылы өткізілген болатын.
16 команда қатысатын бұл чемпионат соңғы болмақшы, себебі Еуро 2016-дан бастап командалар саны 24-ке көбейеді.
Қожайындарды таңдау Алғашқы іріктеу Басында он елден сегіз арыз түскен болатын, алайда үшеуі алғашқы аттестациядан өте алмағандықтан іріктеуден шығарылады. Кандидаттар Алғашқы аттестация Квалификациялық дауыс беру раунды Ақырғы дауыс беру раунды Польша/ Украина+78 Италия+114 Хорватия/ Венгрия+90 Түркия+6— Грекия+2— Әзірбайжан×—— Румыния×—— Ресей×——
Нәтижесінде турнирді өткізуге бес арыз қалады. Олар: Хорватия/Венгрия (екі арыз), Грекия, Италия, Польша/Украина (екі арыз) және Түркия. 8 қараша 2005 жылы УЕФА комитеті үш жолды дауыс беру арқылы арыздар санын қысқартады: (11 дауыс) / (9 дауыс) / (7 дауыс) (2 дауыс) (6 дауыс)
31 мамыр 2006 жылы кандидат елдер алдағы Еуропа біріншілігіндегі барлық егжей-текжейлі тетіктерін жариялаған арнайы арыз кітап құруын аяқтайды. 18 сәуір 2007 жылы Кардиффтегі УЕФА сессиясында финалдық дауыс беру қорытындысын жариялайды.
Финалдық раунд Финалдық раундта бірінші турдың өзінде 12 дауыстың 8 жинаған Украина мен Польшаның арыздары жеңіске жетеді.Иә!!!!! Еуропы-2012 чемпионаты бізде өткізіледі! Қалған төрт дауысты комиссия мүшесі италияндықтарға береді. Дауыс беруге 12 адам қатысады: Мишель Платини (Франция), Герхард Майер-Форфельдер (Германия), Сенеш Эрзик (Түркия), Пер-Равно Омдаль (Норвегия), Анхель Мария Вильяр Лёна (Испания), Джеффри Томпсон (Англия), Мэттью Спренгерс (Нидерланд), Мариос Лефкаритис (Кипр), Джозеф Мифсуд (Мальта), Жилберту Мадаил (Португалия), Мирча Санду (Румыния) және Вячеслав Колосков (Ресей). Батыс Еуропаның қолдауымен таңдалған УЕФА президенті Мишель Платинидің өзі Украина мен Польшаның арыз беруіне қарсы болмаған-ды. Сайлауға дейін ол Шығыс Еуропадағы футболды дамыту керектігін тұспалдаған болатын.
Қатысушылар Чемпионаттың финалдық кезеңінде 16 құрама қатысады. 1996 жылдан бері келе УЕФА-ға мүше қатысушылардың өсуі жоғары болмасада (48-ден 53-ке дейін, 1996—2006 жылдар аралығы), кейбір еуропалық футбол қауымдастықтары финалистердің санын 24-ке арттыру керектігін айтқан болатын. 2007 жылы 12 сәуірде УЕФА Атқарушы Комитеті ресми түрде Еуро-2012 чемпионатында командалардың өсуі болмайтынын хабарлады. Алайда кейінірек, 2008 жылдың қаңтарында Францияда өтетін Еуро-2016 чемпионатынан бастап финалдық кезеңде 24 команда қатысады деп шешілді.
Іріктеу турнирі
Іріктеу турнирдің жеребе тастауы 7 ақпан 2010 жылы Варшавада өткізілді. Жеребе үшін 51 құраманы 6 себетке бөлді. Алғашқы бес себетте 9 құрама, соңғысына 6 құрама болды. Командаларды топқа бөлу үшін бірінші рет құрамалардың рейтингісімен іріктеді. Командалардың рейтингісін ӘЧ - 2006 және Еуро 2008-дегі іріктеу мен финалдық ойындарындағы, сонымен қатар ӘЧ - 2010 іріктеу турнирінің нәтижесіне қарай рейтингті құрды. Бұған дейін тек квалификацияланған кезеңдердегі нәтижесін ғана есептейтін. Жеребе тастау нәтижесінде құрама командалар 9 топқа бөлінді. Алты топ 6 командадан және үш топ 5 командадан құралды. Топтардағы тоғыз жеңімпаз бен екінші орынды иеленеген ең мықты команда тікелей Еуро-2012 жолдама алды, қалған өз тобында екінші орын алған 8 құрама құрлықтық біріншілікте төрт жолдамаға матч ойнатты. Нәтижесінде 14 финалист шықты, олар турнирдің ұйымдастырушысы Украина және Польшамен бірге Еуро-2012 финалдық сатысына қатысатын болды.
Қатысушы командалардың бас бапкерлері мен капитандары КомандаБапкерКапитан Польша Францишек СмудаЯкуб Блащиковски Украина Олег Блохин Андрей Шевченко Германия Йоахим Лёв Филипп Лам Ресей Дик Адвокат Андрей Аршавин ИталияЧезаре Пранделли Джанлуиджи Буффон ФранцияЛоран Блан Юго Льорис Нидерланд Берт ван Марвейк Марк ван Боммел Грекия Фернанду Сантуш Георгиос Карагунис Англия Рой Ходжсон Стивен Джеррард Дания Мортен Ольсен Даниэль Аггер Испания Висенте дель Боске Икер Касильяс Швеция Эрик Хамрен Златан Ибрагимович Хорватия Славен Билич Дарио Срна Чехия Михал Билек Томаш Росицкий Ирландия Джованни Трапаттони Робби Кин ПортугалияПаулу Бенту Криштиану Роналду
Финалдық турнир Командалардың құрамы
Тәртіп бойынша турнирдегі алғашқы матчқа он күн қалғанда чемпионатқа қатысушы командалар өз құрамын жариялады. Тек 23 футболшынының (үш қақпашыны есептегенде) арызын ғана тізімге қосуға болды. Қатты жарақаттанған ойыншылар чемпионаттағы алғашқы ойынға 24 сағат уақыт қалғанға дейін орын алмастыра алатын.
Төрешілер УЕФА бекіткен Еуропа чемпионаты матчтарында қызмет жасайтын басты төрешілердің тізімі 20 желтоқсан 2011 жылы белгілі болды:
Футболодағы Арбитр Ассистенттері Англия Говард Уэбб Майкл Малларки Питер Керкап Венгрия Виктор Кашшаи Габор Эреш Гьорги Ринг Германия Вольфганг Штарк Ян-Хендрик Зальвер Майк Пикель Испания Карлос Веласко Карбальо Роберто Алонсо Фернандес Хуан Юсте Хименес Италия Никола Риццоли Ренато Фаверани Андреа Стефани Нидерланд Бьорн Кёйперс Сандер ван Рукел Эрвин Зейнстра Португалия Педру Проэнса Бертину Миранда Рикарду Сантуш Словения Дамир Скомина Примож Архар Матей Жунич ТүркияДжюнейт Чакыр Бахаттын Дуран Тарик Энгюн Франция Стефан Ланнуа Фредерик Кано Микаэль Аннонье Швеция Юнас Эрикссон Штефан Виттберг Матиас Класениус Шотландия Крейг Томсон Аласдаир Росс Дерек Роуз
Қақпа сызық бойын бақылау үшін тағы төрт арбитр қосымша төреші ретінде бекітіледіUEFA EURO 2012 referees named. Бұл үрдіс ФИФА халықаралық кеңесінің және УЕФА Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасы ойындарында тәжірибе ретінде жүргізілген болатын. Еуро 2012 матчты бес төреші бақылайтын алғашқы чемпионат болды.
Павел Краловец (Чехия) Том Харальд Хаген (Норвегия)
Марцин Борски (Польша) Виктор Швецов (Украина)
Командалардың киімдері thumb|right|350px|Чемпионаттың қатысушылары Бренд#Құрама команда Adidas 6 Германия, Грекия, Дания, Испания, Ресей, Украина Nike 5 Нидерланд, Португалия, Хорватия, Польша, Франция Umbro 3 Ирландия, Швеция, Англия Puma 2 Италия, Чехия
Топтық раундтағы командалардың орнын анықтау Топтық раундтағы командалардың орнын жинаған ұпайына қарай анықтады, яғни ұпайы жоғары болса, жоғарыдан орын алады. Егер де құрамалардың ұпайлары тең түскен жағдайда келесі критерий орындалды:
a) үміткерлер арасындағы жеке кездесуде жинаған үлкен ұпайлары; b) үміткерлер арасындағы жеке кездесудегі доптар арасындағы үлкен айырмашылық; c) үміткерлер арасындағы жеке кездесудегі голдар саны; d) осы «а» дан «с»-ге дейін критерий бойынша екі команданың көрсеткіші тең болса, қорытынды турнирді анықтау үшін «а» дан «с»-ге дейін критерийді тек осы командалар үшін қолданылады. Егер бұл тәртіптен түпкілікті шешім қабылдамаса, онда «е» ден «i»-ге дейінгі критерий қолданылады: e) топтық кезеңдегі барлық матчтағы доптардың арасындағы айырмашылық; f) топтық кезеңдегі барлық матчтағы голдар саны; g) УЕФА ұлттық құрама командалардың коэффициенттер рейтингісінің позициясы бойынша; h) финалдық турнирдегі командалардың тәртібі; i) жеребе тастау.
«i» критерийі келесі жағдайда қолданылмайды: егер «а» дан «f»-ге дейінгі критерий бойынша тең түскен командалар, топтық кезеңнің соңғы турында бір-бірімен ойын ойнайды, егер есеп теңде-тең болғанда пенальти жүргізіледі. Ұтқан команда топтық кестеде жоғарғы орын алады.
Нәтижелер Топтық кезең
Ширек финалға шыққан командалар Турнирден кеткен командалар
А тобы
КомандаҰпайлар 1. Чехия 3 2 0 1 4 5 -1 6 2. Грекия 3 1 1 1 3 3 0 4 3. Ресей 3 1 1 1 5 3 +2 4 4. Польша 3 0 2 1 2 3 -1 2
B тобы
КомандаҰпайлар 1. Германия 3 3 0 0 5 2 +3 9 2. Португалия 3 2 0 1 5 4 +1 6 3. Дания 3 1 0 2 4 5 -1 3 4. Нидерланд 3 0 0 3 2 5 -3 0
C тобы
КомандаҰпайлар 1. Испания 3 2 1 0 6 1 +5 7 2. Италия 3 1 2 0 4 2 +2 5 3. Хорватия 3 1 1 1 4 3 +1 4 4. Ирландия 3 0 0 3 1 9 -8 0
D тобы
КомандаҰпайлар 1. Англия 3 2 1 0 5 3 +2 7 2. Франция 3 1 1 1 3 3 0 4 3. Украина 3 1 0 2 3 4 -1 3 4. Швеция 3 1 0 2 5 5 0 3
Плей-офф
Ширек финал
Жартылай финал
Финал
Чемпион Футболдан Еуропа чемпионы 2012144pxИспанияҮшінші рет
Статистика
Марапаттар 2 шілдеде 2012 жылы УЕФА-ның техникалық тобы чемпионаттың нәтижесі бойынша 23 үздік ойыншылардан тұратын турнирдің символикалық құрамасын анықтады. Жинап келгенде Испания құрамасының он ойыншысы кірді. Сонымен қатар УЕФА-ның техникалық саралау тобы жанкүйерлердің пікіріне назар аудара отырып, турнирдің ең үздік ойыншысын жариялады. Ол Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста. Испанияның тағы бір өкілі Фернандо Торрес ең үздік бомбардир атанды. Символикалық құрама ҚақпашыларҚорғаушыларЖартылай қорғаушыларШабуылдаушы Джанлуиджи Буффон Икер Касильяс Мануэль Нойер Жерар Пике Фабиу Коэнтрау Филипп Лам Серхио Рамос Пепе Жорди Альба Даниеле Де Росси Стивен Джеррард Хави Андрес Иньеста Сами Хедира Серхио Бускетс Месут Озиль Андреа Пирло Хаби Алонсо Марио Балотелли Сеск Фабрегас Криштиану Роналду Златан Ибрагимович Давид Сильва Турнирдің үздік ойыншысы Андрес Иньеста
Бомбардирлер 3 голдың авторы Фернандо Торрес Марио Гомес Алан Дзагоев Марио Манджукич Марио Балотелли Криштиану Роналду 2 гол Димитрис Салпингидис (1 пен.) Никлас Бентнер Микаэль Крон-Дели Хаби Алонсо (1 пен.) Давид Сильва Сеск Фабрегас Андрей Шевченко Петр Йирачек Вацлав Пиларж Златан Ибрагимович 1 гол Эндрю Кэрролл Джолеон Лескотт 1 гол (жалғасы) Уэйн Руни Тео Уолкотт Дэнни Уэлбек Ларс Бендер Мирослав Клозе Филипп Лам Месут Озиль (пен.) Лукас Подольски Марко Ройс Сами Хедира Теофанис Гекас Георгиос Карагунис Йоргос Самарас Шон Сент-Леджер Жорди Альба Хуан Мата Хесус Навас Антонио Ди Натале Андреа Пирло Антонио Кассано 1 гол (жалғасы) Рафаэл ван дер Варт Робин ван Перси Якуб Блащиковский Роберт Левандовский Сильвестре Варела Пепе Элдер Поштига Роман Павлюченко Роман Широков Йоан Кабай Жереми Менез Самир Насри Никица Елавич Себастиан Ларссон Улоф Мельберг Автогол Глен Джонсон (Швециямен болған матчта)
Төрешілер РетЕлМатчтарЕсіміТоптық кезеңПлей-офф раундыБарлығы 12Польша — Грекия, 08.06.12Дания — Германия, 17.06.12Карлос Веласко Карбальо31100031123Ресей — Чехия, 08.06.12Италия — Хорватия, 14.06.12Чехия — Португалия, 21.06.12Говард Уэбб30030060033Нидерланд — Дания, 09.06.12Швеция — Англия, 15.06.12Германия — Грекия, 22.06.12Дамир Скомина70020090043Германия — Португалия, 09.06.12Грекия — Чехия, 12.06.12Германия — Италия, 28.06.12Стефан Ланнуа1000500150052Испания — Италия, 10.06.12Англия — Украина, 19.06.12Виктор Кашшаи 1000000100062Ирландия — Хорватия, 10.06.12Украина — Франция, 15.06.12Бьорн Кёйперс80000080073Франция — Англия, 11.06.12Португалия — Нидерланд, 17.06.12Испания — Франция, 23.06.12Никола Риццоли50030080083Украина — Швеция, 11.06.12Италия — Ирландия, 18.06.12Португалия — Испания, 27.06.12Джюнейт Чакыр710900161092Польша — Ресей, 12.06.12Хорватия — Испания, 18.06.12Вольфганг Штарк10000001000102Дания — Португалия, 13.06.12Чехия — Польша, 16.06.12Крейг Томсон12000001200112Нидерланд — Германия, 13.06.12Грекия — Ресей, 16.06.12Юнас Эрикссон900000900123Испания — Ирландия, 14.06.12Швеция — Франция, 19.06.12Англия — Италия, 24.06.12Педру Проэнса8002001000Барлығы9221240011621
Дисквалификация