Österreichischer Rundfunk (ORF, немісшеден Аустриялық хабар тарату) — аустриялық телерадиокомпания, Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі. Компанияның штаб-пәтері Вена қаласында орналасқан, Аустрияның тоғыз жерлерінің әр біреуінде аймақтық студиялар бар.
Тарихы Аустрияның алғашқы радиокомпаниясы 1924 жылғы 30 қыркүйекте құрылған Radio Verkehrs AG (RAVAG) болған. 1938 жылы, аншлюстан кейін, RAVAG жойылып және неміс Reichsrundfunkgesellschaft компаниясына қосылды. Соғыстан кейінгі соңғы 10 жылда хабар таратылуы әр түрлі оккупацияланған секторлардан, әр түрлі студиялардан жүргізілді. 1955 жылы олар Österreichisches Rundspruchwesen одағынна біріккен, ал үш жылдан кейін компанияның атауы Österreichischer Rundfunk GmbH деп ауыстырылды.
Сыртқы сілтемелер , Österreichischer Rundfunk ресми сайты.
Санат:Телекомпаниялар Санат:Аустрия телекомпаниялары Санат:Аустриядағы телевизия