Григорий Яковлевич Перельман (13 маусым 1966, Ленинград, КСРО) — Пуанкаре гипотезасын бірінші болып дәлелдеген ресейлік математик.Гипотеза Пуанкаре , Clay Mathematics InstituteНайти Перельмана // Gazeta.Ru, 17 тамыз 2006

Өмірбаяны Григорий Перельман 1966 жылдың 13 маусымында Ленинградта дүниеге келді. 1993 жылы Израильен қоныс аударған әкесі Яков инженер-электрик болған. Анасы Любовь Санкт-Петербургте қалып, ПТУ-да математика пәнінен оқытушы болып жұмыс істегенПерельман, Григорий. Российский математик, доказавший гипотезу Пуанкаре, Lenta.ru, 07.09.2009..

Перельман 9-сыныпқа дейін қаланың сырт жағындағы орта мектепте оқыған, бірде 5-сыныпта Пионерлер сарайына қарайтын математикалық орталықта Рукшиннің жетекшілігімен математикаға ден қоя бастайды. 1982 жылы Будапештегі Халықаралық математикалық олимпиададан Кеңес оқушыларынан құралған топ ішінен барлық тапсырмалардан толықтай жоғары балл жинапGrigorij Perelman на сайте IMO, алтын медальға ие болады.

Ленинград Мемлекеттік Университетінің математика-механикалық факультетіне емтихансыз қабылданған. Факультеттік, қалалық және бүкілкеңестік студенттердің математикалық олимпиадасынан жеңімпаз атанған. Барлық жылдары тек қана «өте жақсыға» оқыған. Оқудағы жетістіктері үшін Ленин стипендиясын алған. Университетті үздік аяқтап, Ленинградтық бөлім В. А. Стеклова атындағы Математикалық институттық аспирантурасына (жетекшісі — академик А. Д. Александров) түскен. 1990 жылы кандидаттық диссертация қорғап, бас ғылыми кеңесші болып жұмыс істеуге қалды.

1990 жылдың басында Перельман әр түрлі университетте ғылыми қызметші болып жұмыс істеп, АҚШ-қа келеді. Әріптестерін өзінің аса қарапайымдылығымен таңқалдырған, сүйікті тағамдары сүт, нан және ірімшік болған. 1996 жылы ПОМИ-дағы жұмысын жалғастырған Санкт-Петербургқа оралады. 2005 жылдың желтоқсанында математикалық физика лабораториясының бас ғылыми қызметшілігінен кетеді. ПОМИ-дан шығып кетеді және әріптестерімен, толықтай байланысын үзді десек те болады.

Ары қарай ғылыми карьераға деген қызығушылығы болмайды. Сол кезде Купчинода бір үйде анасымен бірге тұрадыПерельман: Насчет $ 1 млн я еще не решил!. LifeNews.Ru, жеткілікті түрде тыныштықтағы өмір бейнесінде болады, БАҚ-пен байланысын үзедіПервые контакты с Григорием Перельманом .

Жетістіктерін бағалау 1996 жылы Еуропалық жас математиктер одағынан сыйлық тағайындалған, бірақ одан бас тартты.

2006 жылы Пуанкаре гипотезасын шешкені үшін халықаралық сыйлық «Филдс медалі» ұсынылды, бірақ тағы да бас тартты.

2006 жылы Science журналы Пуанкаре теоремасын «Жыл жетістігі» деп жариялады («Breakthrough of the Year»). Бұл осы атаққа лайықты болған алғашқы теорема болатын.

2007 жылы британдық газет The Daily Telegraph «Жүз жүйрік ойлылардың» тізімін жариялады. Бұл тізімде Григорий Перельман 9 орынды иеленді. Тізімде Перельманнан өзге небәрі 2 ресейлік Гарри Каспаров (25-орын) пен Михаил Калашников (83-орын) енген.

2010 жылы мыңдаған жыл шешімін таппаған теорияны шешкен үшін АҚШ бір миллион доллор көлемінде сыйақы ұсынылдыPrize for Resolution of the Poincaré Conjecture Awarded to Dr. Grigoriy Perelman . Пресс-релиз математического института Клэя. 18.03.2010. 2010 жылы Парижде осы сыйлық табысталатын конференцияға барудан бас тартты. Сонымен қатар 1 шілдеде осы сыйлықтан бас тартатынын мәлімдеп, өзін бұл сыйлыққа ұсынған математиктер одағының шешімімен келіспейтіндігін және осындай құрметке өзінен гөрі Гамильтонның лайықты екендігін айттыПоследнее «нет» доктора Перельмана..

2011 жылдың қыркүйегінде Клэя институты Анри Пуанкаре (Париж) институтымен бірге төленетін ақшасы «Мыңжылдық премьясына» баратын жас математиктерге арналған қызмет ойлап тапты.

Дереккөздер

Санат:Ресей математиктері Санат:1966 жылы туғандар Санат:Филдс марапаты иегерлері