Сан-Паулу футбол клубы () — Бразилияның беделді штаттарының атымен аталады. Брадилиядағы және Оңтүстік Америкадағы басты клубтардың бірі. Бразилиядағы әйгілілігі бойынша үшінші орындағы команда (Фламенго мен Коринтианстан кейінгі).

“Сан-Паулу” клубы алғашында “Паулистано” мен “АА дас Палмейрас” атты екі клубтың нәтижесінде 1929 жылы “Сан-Паулу да Флореста” деген атпен құрылған еді. 1935 жылдан бастап клуб қазіргі атымен аталды.

Клубтың алғашқы "алтын кезеңі" 1980 жылдардың аяғы болып саналады. “Сан-Паулу” Бразилияның 3 Чемпионатын, 2 Либертадорес Кубогын, 2 Континентаралық кубокты, 1 Либертадорес Суперкубогын, 1 КОНМЕБОЛ Кубогын жеңіп алды.

Халықаралық аренада Сан-Паулу ең жоғарғы жетістіктерге жетті.

Команда стадионы Морумби. Мини-футбол командасы “Сан-Паулу” Бразилия чемпионатында жоғарғы дивизияда өнер көрсетеді.

Жетістіктері

Ұлттық

Бразилия чемпионаты Чемпион (6 рет): 1977, 1986, 1991, 2006, 2007, 2008 2 орын (6 рет): 1971, 1973, 1981, 1989, 1990, 2014 3 орын (3 рет): 2003, 2004, 2009 Сан-Паулу штатының чемпионы (22): 1931, 1943, 1945, 1946, 1948, 1949, 1953, 1957, 1970, 1971, 1975, 1980, 1981, 1985, 1987, 1989, 1991, 1992, 1998, 2000, 2002 (Суперчемпионат), 2005 Рио-Сан-Паулу турнирінің жеңімпазы (1): 2001

Халықаралық

Либертадорес кубогы (3): 1992, 1993, 2005 Оңтүстік Америка кубогы (1): 2012 Либертадорес суперкубогы (1): 1993 КОНМЕБОЛ кубогы (1): 1994 Рекопа (2): 1993, 1994 КОНМЕБОЛ кубок иелері кубогы (1): 1996 Құрлықаралық кубок (2): 1992, 1993 Клубтар әлем чемпионатының жеңімпазы (1): 2005

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Бразилия футбол клубтары Санат:Сан-Паулу ФК