Үлбір - үлпілдек, мамық және биязылау жүңді жануарлардың өңделген терісі. Үлбірге түкті жабыны сапалы үй жануарларының (биязы және биязылау жүнді қойдың, қаракөл қозысының, қоянның, түбітті ешкі лағының, құлынның, бұзаудың), кейбір теңіз жануарлары (теңіз мысығы, итбалық) мен құстардың (баклаңдар, аққулар) терісі жатады. Үлбір сапасы мен пайдалану реті оларды өндеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Үлбірден жылы да әсем, әрі көп киіс беретін бас киім, сырт киім, жаға тігеді.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
Дереккөздер
Санат:Мал шаруашылығы