Льеж — Бастонь — Льеж () — ең ескі классикалық шоссейлік веложарыс. Жыл сайын Бельгия Арденндер тауларында, Льежден Бастоньға және кері маршруты бойынша өткізіледі. Алғашқы жарыс әуесқойлар арасында 1892 жылы өтсе кәсіпқойлар арсында — 1894 жылы өткен. UCI әлемдік рейтингісіне кіретін 24 веложарыстың бірі.

Тарихы Бұл веложарыс Флеш Валоньмен қатар бельгиялық арденн классиктерінің бір бөлігі. Бұрындары екі жарыс та бірінен кейін екіншісі қатарынан екі күнде өтетін, сондықтан «Арденн демалыстары» деп аталған.

1919, 1957 және 1980 жылдары жарыстар өте ауыр ауа-райы жағдайында өте төменгі температурада және қарлы күндері өткен. 1957 жылы жарыс нәтижесінде екі бәрдей велоспортшылар жеңімпаз атанды: бельгийліктер Франс Шуббен мен Жермен Дерейк. Дерейк ереже бойынша рұқсат етілмеген теміржол өткелінен өткендігі арқасында бірінші болып мәре сызығын кескен, бірақ дисквалифицияланған жоқ, себебі өткелге дейін қарсыластарынан үшминуттық алда келе жатқан, ал төрешілер ереже бұзу жеңіске жетуге шешуші рөл атқармады деп тапқан, дегенмен мәреге екінші болып жеткен Шуббенге де жеңімпаз татағын берді. 1980 жылы Бернар Ино алға сексенінші километрде суырылып шығып мәреге тоғызминуттық артықшылықпен жеткен.

1991 жылға дейін дистанция Льеждің жазық жолдарында аяқталатын, ал 1992 жылдан - мәрені Льеж солтүстігіндегі Анс қалашығындағы Сен-Николя тауына ауыстырылды.

Маршрут Жарыс Льежден Бастонға дейінгі түзу 95-километрлік кесінді және 163-километрлік кері Ансқа дейіңгі алаңнан тұрады. Жарыстың екінші бөлігі дөңдігі 12%-ға дейінгі созылған таулы алқаптардан тұрады. Жеңімпаздар 1892: Леон Уа 1893: Леон Уа 1894: Леон Уа 1908: Андре Трусселье 1909: Виктор Фастр 1911: Йозеф Ван Деле 1912: Омер Вершооре 1913: Мориц Мориц 1919: Леон Дево 1920: Леон Шиер 1921: Луи Моттья 1922: Луи Моттья 1923: Рене Вермандел 1924: Рене Вермандел 1925: Жорж Ронсс 1926: Дьюдонне Сметс 1927: Морис Раес 1928: Эрнест Моттар 1929: Альфонс Шеперс 1930: Герман Бюс 1931: Альфонс Шеперс 1932: Марсель Ую 1933: Франсуа Градье 1934: Тео Херкенрат 1935: Альфонс Шеперс 1936: Альбер Бекар 1937: Элой Мойленберг 1938: Альфонс Делоор 1939: Альберт Рицервельдт 1943: Ришар Депуарте 1945: Жан Энгельс 1946: Проспер Депредомм 1947: Ришар Депуарте 1948: Морис Моллен 1949: Камиль Дангюм 1950: Проспер Депредомм 1951: Фердинанд Кюблер 1952: Фердинанд Кюблер 1953: Алоис Де Гертог 1954: Марсель Эрнцер 1955: Стан Оскерс 1956: Фред Де Брюйн 1957: Жермен Дерейк/Франс Шуббен 1958: Фред Де Брюйн 1959: Фред Де Брюйн 1960: Альбертус Геллдерманс 1961: Рик Ван Лой 1962: Жеф Планкер 1963: Франс Мелкенбеек 1964: Вилли Блокландт 1965: Кармине Прециоси 1966: Жак Анкетиль 1967: Вальтер Годефроот 1968: Вальтер Ван Свефельт 1969: Эдди Меркс 1970: Роджер Де Влеминк 1971: Эдди Меркс 1972: Эдди Меркс 1973: Эдди Меркс 1974: Жорж Пинтен 1975: Эдди Меркс 1976: Йозеф Брюйер 1977: Бернар Ино 1978: Йозеф Брюйер 1979: Дитрих Турау 1980: Бернар Ино 1981: Йозеф Фухс 1982: Сильвано Контини 1983: Стевен Роокс 1984: Шон Келли 1985: Морено Арджентин 1986: Морено Арджентин 1987: Морено Арджентин 1988: Адри ван дер Поэл 1989: Шон Келли 1990: Эрие Ван Ланкер 1991: Морено Арджентин 1992: Дирк Де Вольф 1993: Рольф Сёренсен 1994: Евгений Берзин 1995: Мауро Джианетти 1996: Паскаль Ришар 1997: Микеле Бартоли 1998: Микеле Бартоли 1999: Франк Ванденбрук 2000: Паоло Беттини 2001: Оскар Каменцинд 2002: Паоло Беттини 2003: Тайлер Хемилтон 2004: Давид Рибеллин 2005: Александр Винокуров 2006: Алехандро Вальверде 2007: Данило Ди Лука 2008: Алехандро Вальверде 2009: Анди Шлек 2010: Александр Винокуров 2011: Филипп Жильбер 2012: Максим Иглинский

Сәлтемелер

Официальный сайт

*