Қынагүл немесе шыңқетер, шытырлақ () – қынагүл тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Африка аймақтары. Гүлдің 850-дей түрі белгілі. Сабақтарының биіктігі 40-50 см, тік орналасқан, сулы, жартылай мөлдір. Жапырақтары ұзыншақ сүйір болып келген, жиектері майда аратісті, түсі ақшыл жасылдан, қою жасыл аралығында. Гүл күлтелері жай және гүлпарлы, ал түстері күлгін, ақ, қызыл, ақшыл көк, қызғылт болады. Мол әрі ұзақ көктемнен күзге дейін гүлдейді. Жарығы: Жарық мол түсетін жерге орналастыру керек. Бірақ тіке күн сәулесінен қорғау қажет. Жылуы: Қыста 18ºС төмен түспегені абзал. Суғарылуы: Жаз айларында топырағы ылғалды болып тұрғаны абзал, қыста суды топырағының беткі қабаты құрғағанда ғана құю керек. Ылғалдылығы: Жапырағына су бүркіп тұру қажет. Гүлдеп тұрған кезінде гүлін қалқалап барып су бүрку керек, әйтпесе су тамшылары гүл күлтелерінде дақ қалдырады. Қоректендірілуі: Көктемнен күзге дейін гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріледі. Аурулары: Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады. Көбейтілуі: Қалемшелеу, тұқымы арқылы көбейтеді. Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Қынагүл тұқымдасы