Гусмания () – бромелиялар тұқымдасына жататын эпифитті өсімдік. Отаны - Оңтүстік Америка. Бразилия, Венесуэла, Орталық Америка аймақтарында таралған. Гусмания деген атауы - 1802 жылы ең алғаш осы өсімдікті сипаттағаны үшін испан ботанигі Анастасио Гусманның құрметіне қойылған. Табиғатта 130-ға жуық түрі белгілі. Отанында табиғатта өскенімен, Қазақстанда үй жағдайында ғана өсіріледі. Жапырақтарының ұзындығы 40-50 см, ені 5 см болады. Гүлсидамының биіктігі 30 см-ге жетеді. Жапырақтары тығыз жанаса орналасып, құмыра пішіндес қуыс құрайды. Қуыс өзегінен тік өскен гүлсидамының жапырақтарының түсі түрлеріне қарай сары, қызыл, күлгін, қою қызыл болып, жайқалып тұрған гүлге ұқсайды. Гүлсидамы 4-5 ай бойы тұрады. Гүлі гүлсидамының ішіндегі гүлсағақтарынан шығады. Жарығы: Алакөлеңкеде өседі. Күннің тіке түскен сәулесінен қорғаса жарық жерде де өсе береді. Жылуы: Барлық бромелиялар сияқты жылылықты жақсы көреді. Қыста температура 15 °C-тан төмен болмағаны жөн. ъ Суғарылуы: Гүлдеп тұрған мезгілінде құмыраға ұқсас гүл сағағының ішіне тұндырылған су құйып, ішіндегі суды айына бір рет ауыстырып тұру қажет. Ал, топырағына аз мөлшерде, дымқылдап қана құяды. Гүлдеп болған соң, тек топырағына ғана су құйып тұру керек. Ылғалдылығы: Су бүркіп тұрған абзал Қоректендірілуі: Мамыр айынан тамыз айына дейін арнайы бромелияларға арналған тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіреді. Ал, жалпы гүлдерге арналған тыңайтқышты қолданғанда, басқа гүлдерге құятын мөлшерден екі есе аз мөлшерде қолдану қажет. Аурулары: Ақ ұнтақ құрты, өрмекші кенесі, өсімдік биті зиянкестерінің әсерінен ауруы мүмкін. Суды көп мөлшерде құйып, артық суғарғаннан саңырауқұлақ ауруларына шалдығуы мүмкін. Дұрыс күтім жасалса ауруға шалдықпайды. Көбейтілуі: Тұқымы арқылы көбейту ұзақ уақыт алатындықтан, жанынан өсіп шыққан жанама өскіндері арқылы көбейткен жөн. Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Бромелиялар