Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (18 қараша, 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған) — грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының Құрметті азаматы. Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті.
Өмірбаяны Найман тайпасының Қаракерей руының Сыбан тармағынан шыққан.
Білімі 1988 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын бітірген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Жетістіктері Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО-ның жеті дүркін чемпионы (1986 – 1992); КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (1986) және жеңімпазы (1991); Еуропа чемпионы (1987, Тампере, Финляндия); Әлем чемпионы (1989,Мартини,Швейцария); күміс жүлдегері (1993, Стокгольм, Швеция); қола жүлдегері (1987, Франция); әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы (1987, 1990); 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994, Хиросима, Жапония); Азияның екі дүркін чемпионы (1995, Манила, Филиппин, 1996, Ханжоу, Қытай); 24 – 25-Олимпиадалық ойындардың күміс (1988, Сеул, Корея), қола (1992, Барселона, Испания) жүлдегері.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том Саяси қызметінің басталуы Екі мәрте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. (1995, 1999). Туризм және спорт агенттігінің төрағасы (2000 – 2004) Мәдениет, ақпарат және спорт министерлігінің Спорт көлітінің төрағасы (2004 – 2006) қызметтерін атқарды.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 "Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті""Грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы. olympic.kz Дәулет туралы Фильм 1994 — «Дәулет-Палуан» режиссері: Қ.Умаров Мемлекеттік марапаттары 1987 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы 1989 жылдың 29 шілде айында КСРО жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды. КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері (құрметті атағы); 1994 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (грек рим күресінен); 1995 жылы ҚРның «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. 1996 жылы Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (грек рим күресінен); 1997 жылы «Қайсар» медалі 1997 жылы «Қазақстанның Үздік жаттықтырушысы» атағы; 1998 жылы «Астана» медалі 1998 жылы Қазақ спорт академиясының құрметті профессоры (ғылыми атағы); 1998 жылы Абай ауданының Құрметті азаматы (құрметті атағы); 1999 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы); 2000 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2002 жылы Жарық ауылының құрметті азаматы 2002 жылы «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» медалі 2004 жылы 1ші Петр Ордені 2005 жылы РФ спорт академиясының академигі 2006 жылы «Қазақстан парламентіне 10 жыл» медалі 2009 жылы «Құрмет ордені» 2016 жылы «Парасат ордені» мен марапатталған. Жарма ауданының Құрметті азаматы (құрметті атағы); 2022 жылы III дәрежелі «Барыс» орденіПрезидент Токаев наградил ряд казахстанцев. tengrinews.kz
Дереккөздер
Санат:Қазақстан балуандары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:КСРО-ның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Қазақстанның Олимпиада қола жүлдегерлері Санат:Грек-рим күресінен әлем чемпиондары Санат:Грек-рим күресінен Еуропа чемпиондары Санат:Грек-рим күресінен КСРО чемпиондары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Күрестен Азия чемпиондары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:КСРО балуандары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Күрестен Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары