Сейсембаев Манас Ахметжарұлы (1950 жылы 2 маусым, Қарағанды қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998), 350-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. 2024 жылы 23 маусым, Алматы қаласында қайтыс болды.

Білімі Семей медицина институты (1973) Медицина ғылымдарының докторы, диссертациясының тақырыбы «Постхолецистэктомиялық ауруларды диагностикалау және хирургиялық емдеу» (1995)

Еңбек жолы Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының интерны (1973–1974) Үлкен Нарын аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, хирург (1874–1977) Алматы қалалық орталық ауруханасының хирургі (1977–1978) Соғыс мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальдің хирургия бөлімінің меңгерушісі (1978–1980) А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бауыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі (1980–2001) А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры (2001–2003) Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь бастығы (2003–2008) Бауыр, өт шығару жолдары және ұйқы безі хирургиясы бөлімінің меңгерушісі (2008–2010) «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ бас директоры (2010–2011) «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (2011–2019)

Марапаттары Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі

Дереккөздер

Санат:Медицина тұлғалары