Сарыкөл — Қостанай облысы Сарыкөл ауданының және Сарыкөл кенттік әкімдігі орталығы (1928 жылдан), кент (1965 жылдан).

Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан шығысқа қарай 135 км-дей жерде, Сарыкөл көлінің батыс жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 10284 адам (5011 ер адам және 5273 әйел адам) болса, 2009 жылы 9469 адамды (4594 ер адам, 4875 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 19 ғасырдың соңында қаланған. 1922–1997 жылдары "Урицкое" деп аталған.

Кәсіпорындары Сарыкөлде жөндеу-мехаикалық орталығы, нан, май және сусын су зауыттары, диірмен, құрылыс және тұрмыстық кәсіпорындар бар. Сарыкөл арқылы Қостанай–Көкшетау автомагистралі өтеді.

Дереккөздер

Санат:Сарыкөл ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері