Перемётное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, аудан (1939 жылдан) және Перемётный ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.
Географиялық орны Облыс орталығы - Орал қаласынан батысқа қарай 45 км жерде, Деркөл өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4406 адам (2227 ер адам және 2179 әйел адам) болса, 2009 жылы 4308 адамды (2032 ер адам және 2276 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4340 адамды (2118 ер адам және 2222 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1894 жылы Саратов - Орал темір жолын салуға байланысты қаланған. Ауыл шаруашылығн ұжымдастыру жылдары мұнда бірнеше шағын артель, 1936 жылы астық өсіретін “Путь к коммунизму” ұжымшары құрылды. 1964 жылы Орал жөндеу зауытының қосалқы шаруашылықтары ұйымдастырылды. 1996 жылдан бұрынғы шаруашылықтар негізінде ЖШС-тер, шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері