Органикалық шыны – органикалық полимерлер негізінде алынатын мөлдір қатты материалдардың техникалық аты. Полимерлерге полистирол, поливинилхлорид, полиакрилаттар, аллил қосылыстарының полимерлері, поликарбонаттар, сополимерлері, т.б. жатады. Өндірісте органикалық шыны деп метилметакрилатты массада бензоилпероксид, азобисизобутиронитрилдің және т.б. қатысуымен жүрген радикалды полимерлеудің нәтижесінде алынған өнімді айтады.

Көбіне табақтық (листовой) полиметилметакрилат кеңірек тараған. Қолдану аясына байланысты органикалық шыны құрамына пластификаторлар, бояғыш заттар, тұрақтандырғыштар, т.б. қосады. Органикалық шыны тығыздығы салыстырмалы түрде төмен, кейбірі ылғал және атмосфералық ортаға тұрақты. Органикалық шыны оптикалық мөлдір болады; оны механикалық өңдеуге, пісіруге, желімдеуге болады. Органикалық шыны ұшақ, автомобиль, кеме жасауда құралымдық материал ретінде, жылыжай, үй, т.б. терезелерін шынылауда, медицинада аспаптар мен құрал-жабдықтар жасауда қолданылады. Ультракүлгін сәулелерін жұтатын органикалық шыны мұражайларда экспонаттарды бүлінуден қорғау үшін пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

Санат:Полиакрилаттар Санат:Аморфты заттар Санат:Биоматериалдар Санат:Стоматологиялық заттар Санат:Диэлектриктер Санат:Оптикалық заттар Санат:Пластмассалар Санат:Термопластар Санат:Мөлдір заттар