Ақпанның 24 — Григориан күнтізбесінде жылдың 55-ші күні. Жылдың аяғына 310 (кібісе жылдарда 311) күн қалады.

Мерекелер

— Эстонияның тәуелсіздік күні — Ұлттық Туы күні

Оқиғалар 2022 — Ресей Федерациясының қарулы күштері Украинаға басып кірді. 2008 — Фидель Кастроның орнына оның інісі Рауль Парламент отырысында тағайындалды. 1991 — Парсы шығанағында: халықаралық күштер құрлықтық шабуылын Ирак пен Кувейтке қарсы бастады. 1942 — радиоэфирге «Америка дауысы» радиостанциясы алғашқы рет шықты.

Туғандар 1955 — Стивен Пол Джобс (Қазанның 5, 2011, қайтыс болған) – америкалық өнертапқыш және бизнес-магнат. 1463 — Джованни Пико делла Мирандола, Қайта өрлеу заманының италиалық ойшылы.

Қайтыс болғандар 1856 — ұлы Ресей математигі Николай Иванович Лобачевский. 1810 — Генри Кавендиш, ағылшын физигі әрі химигі (туғ. 1731).

Сыртқы сілтемелер

Санат:24 ақпан